Қорда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуы мәселелері бойынша Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастырудың негізгі қағидаттарын, тәртібін және негізгі кезеңдерін жан-жақты қарастырды. Кеңес мүшелері тарифтік саясаттың ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның қазіргі заманғы денсаулық сақтау талаптарына сай болуының маңыздылығын атап өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Денсаулық сақтау министрлігіне «Тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрықты қайта қарауды ұсынып, оны бірқатар маңызды ережелермен толықтыру қажеттігін айтты. Атап айтқанда:
· ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған медициналық технологияларды бағалау тетіктерін енгізу;
· деректердің салыстырмалылығын және тарифтерді қалыптастырудың дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс органының эталондық денсаулық сақтау субъектілерін іріктеу критерийлерін нақтылау.
«Әділ және экономикалық тұрғыдан негізделген тарифтерді қалыптастыру – МӘМС жүйесінің тұрақтылығының негізгі элементі. Сондықтан әдістеме қазіргі клиникалық тәсілдерді де, медициналық ұйымдардың нақты шығындарын да ескеруі маңызды», – деп атап өтті Қордың басқарма төрағасының орынбасары Сауле Тәжібаева.
Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Денсаулық сақтау министрлігіне «Тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрықты қайта қарауды ұсынып, оны бірқатар маңызды ережелермен толықтыру қажеттігін айтты. Атап айтқанда: · ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған медициналық технологияларды бағалау тетіктерін енгізу;
· деректердің салыстырмалылығын және тарифтерді қалыптастырудың дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс органының эталондық денсаулық сақтау субъектілерін іріктеу критерийлерін нақтылау.
«Әділ және экономикалық тұрғыдан негізделген тарифтерді қалыптастыру – МӘМС жүйесінің тұрақтылығының негізгі элементі. Сондықтан әдістеме қазіргі клиникалық тәсілдерді де, медициналық ұйымдардың нақты шығындарын да ескеруі маңызды», – деп атап өтті Қордың басқарма төрағасының орынбасары Сауле Тәжібаева.
01.12.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



